Алматы қаласы, Медеу ауданы, №141 бөбекжай-балабақшасында “Жас келсе іске” тақырыбында іс-шара өтті.Білім Айнасы журналисты Елназ Тұрсынғалиқызы » ГККП "Ясли сад №141"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№141 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 397-89-38
Әдіскер телефоны:
+7(727) 397-89-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы, Медеу ауданы, №141 бөбекжай-балабақшасында “Жас келсе іске” тақырыбында іс-шара өтті.Білім Айнасы журналисты Елназ Тұрсынғалиқызы
15
май
2025

Алматы қаласы, Медеу ауданы, №141 бөбекжай-балабақшасында “Жас келсе іске” тақырыбында іс-шара өтті.Білім Айнасы журналисты Елназ Тұрсынғалиқызы

Жас келсе іске

 ЖаңалықтарМақалалар 0 2 қаралған 2025-05-19
Алматы қаласы, Медеу ауданы, №141 бөбекжай-балабақшасында “Жас келсе іске” тақырыбында іс-шара өтті.
Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – жас мамандарға бағыт-бағдар беру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру болды.
Іс-шараны балабақша меңгерушісі Бейсетбаева Галиябану Абаевна өз алғысөзімен ашып, жас мамандарға сәттілік пен шабыт тіледі. Жиналған қонақтарға жылы лебізін білдіріп, семинардың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара шымылдығын ұлттық аспаптармен ойнаған бүлдіршіндер оркестрі түріп, қыздардан құралған биші балалар мың бұрала би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шара барысында жас мамандарды қолдау, олардың тәрбиеленуші және ата-анамен арасындағы қарым-қатынасты тиімді жолға қою жөнінде мазмұнды түсіндірме жүргізіліп, заманауи слайдтар арқылы ақпарат берілді. Бұдан кейін жас маманның жұмыстағы алғашқы қиыншылықтары мен қорқыныштарын жеңу тақырыбында әсерлі қойылым сахналанды. Қойылым арқылы жас тәрбиешілердің ішкі жан-дүниесі шебер жеткізілді.
Форум “Успешные педагогические кейсы” тақырыбындағы кәсіби тәжірибе бөлісуге арналған тақырыпта жалғасты. Бұл бөлімде қатысушылар табысты педагогикалық тәжірибелермен бөлісіп, өзара ой бөлісті.
Психолог пен дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың жан-жақты дамуына арналған нейро жаттығулар мен қызықты ойын түрлерін таныстырып, келген қонақтарды сол ойындарға тартты. Қонақтар балаша шаттанып, ойынға белсене қатысып, әсерлі көңіл күйге бөленді.
Жас маман мен ата-ана арасындағы келеңсіз жағдайлар көрініс арқылы сахналанып, психологиялық тұрғыда тығырықтан шығу жолдары талқыланды. Қонақтар бұл ситуацияға қатысты өз ойларын білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара қызықты ойындармен жалғасын тапты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, өз ойларын ақ қағазға сурет арқылы түсіріп, оны шығармашылық түрде қорғап шықты. Психолог “Жунглидегі саяхат” тақырыбында көңілді жаттығу өткізді, барлық педагогтер шаттық шеңберге тұрып, өздерін еркін сезініп, көтеріңкі көңіл күймен сергіді.
Тәлімгер педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас тәрбиешілердің бойында сенімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келе жатқандары байқалды. Олар жас мамандарға тек кәсіби бағыт қана емес, рухани қолдау да көрсетіп, ұстаздық жолдың алғашқы баспалдағынан нық қадаммен өтуге сеп болды.
Осы форумда тәлімгерлердің кәсіби қолдауы мен шынайы жанашырлығының арқасында жас мамандардың педагогикалық ортаға бейімделуі мен дамуына үлкен мүмкіндік жасалды. Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы өзара сенім мен түсіністік – бұл іс-шараның ерекше құндылығы болды.
Іс-шара соңында тәрбиешілер ән айтып, флешмоб биледі. Қонақтармен еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, форум өте жылы әрі достық атмосферада аяқталды.
“Жас келсе – іске” атты бұл форум жас мамандар үшін үлкен тәжірибе мектебіне айналды. Көптеген тың идеялар мен әдістемелерді үйренген жас мамандар өз қоржындарын пайдалы ақпаратпен толтырғаны анық. Осындай мәнді де мағыналы шараны ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Бейсетбаева Галиябану Абаевна мен әдіскер Қошқарбаева Арайлым Билаловна тәрбиеші Шинва Айнар ,жас маман-Муканова Назгуль,психолог-Иманбек Сандуғашқа мың алғыс.
Болашақ педагогтерге шабыт берген бұл басқосу келешекте де өз жалғасын табарына сенім мол.
Білім Айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы