МКҚК «№141бөбекжай-балабақшаның» тарихы
Алматы қаласы,Медеу ауданы №141бөбекжай-балабақшасы Қазақстанның табиғаты көрікті жерде орналасқан.
1966 жылы Алматы қаласында «Малоя станица» Фрунзензе ауданында жаңа балабақша ашылды.
1969 жылы балабақшаны Шипицина Нина Семеновна басқарды.Сол кездегі тәрбиешілер:Маликова Л.В,Травкина Г.С,Сложеникина В.И,Дортман Л.Ф.Шалабаева А.В.,Бурдина Е, Шалабаева А.С.,Гутова Г.И,Фомаиди К.М,Степанова Т.В,Селюкова Л.А, Прокопенко Г.А,Газиева Р.Н,Тихонова А.И,Даурцева О.М,Пархоменко А.Г, Боденко,Дудкина Г.Г.
Көркем жетекші:Медянкина Л.А,Мейірбикелер:Червякова В.Л, Борелко М.А.
аспазшы: Чукреева Т.Г.т.б қызметкерлер жұмыс жасады
1993 жылы бөбекжай-балабақшасына меңгеруші етіп Алибаева Айман Шакеновна тағайындалды
1986жылдан бастап,Бейсетбаева ҒалиябануАбайқызы әдіскер болып жұмыс жасап,2007 жылы МКҚК №141 бөбекжай-балабақшасына меңгеруші болды.
Қазіргі таңда балабақша оқыту мен тәрбиелеу жұмысы қазақ, орыс тілде
жүргізіледі .Балабақшада 6 жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топ қазақ
тобы,3топ орыс топтары жұмыс жасайды.
Оқу – тәрбие процессін 16 педагог қамтамасыз етеді.Жоғары білімді-11,арнайы орта білімді-5.Жоғарғы санат – 4,Бірінші – 3,қалғандары екінші санатты.
Оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сай жүргізіледі.
Балабақшада әдістемелік жұмысты көп жылдық тәжірибесі бар әдіскер Бөртібаева Ғалия Көшімбайқызы жүргізеді. Жүргізілген әдістемелік жұмыстардың нәтижелілігін педагогикалық іс-әрекеттердің түрлі саласы бойынша педагогтардың функционалдық бейімделуін, жобалауын жаңа бағдарламаларға енгізе отырып, баланың жан-жақты дамуына қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып жұмыс істеуде.
Балаларға білім беру сапасын арттыру үшін педагогтар педагогикалық үрдіске ойын терапиясы, релаксациялық психожаттығулар, музыка терапиясы, ертегі терапиясы т.б. инновациялық әдістерді қолданады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның әдістемелік жұмысының негізгі түрлері: педкеңестер, әдістемелік кеңестер, семинарлар, ашық оқу қызметі өтіледі. Балабақшаның педагогтары жоба бойынша және вариативтік бағдарлама жасалынып, жұмыс жүргізіледі
Балабақшада балалармен психолог өте жақсы жұмыс жасайды.Балаларға әртүрлі диагностикалар жүргізу арқылы жұмыс жүргізіледі.Балалармен мезгілге байланысты сауықтыру-шынықтыру жұмыстарына байланысты іс-шаралар, спорттық кештер өтіледі. «Дені саудың-жаны сау»,«Кіші олимпиада»,«Спортпенен шыңдалар жігерің мен ерігің».
Мезгіліне байланысты күн астында қыздырыну,жалаң аяқ жүру,Умандық уқалау,су құйыну сияқты сауықтыру-шынықтыру жұмыстары жүргізіледі
Балабақшаны көркейтуге,көгалдандыруға,байқауға қатысуға балабақша
қызметкерлері,ата-аналардың үлестері де бар. Балабақша қызметкерлері
ата- аналармен де бірге сенбілік жүргізіледі.
Балабақшаға келген балалардың болашақта білімді де, саналы, өнерлі де талантты, өз елін сүйетін өз жерін қорғай алатын патриотты азамат пен азаматшалар болып өсулеріне аса назар бөліп,соған тәрбиелеу.