КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Ата-аналардың мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қиындықтары көбінесе олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігінің жеткіліксіздігімен байланысты. Қазіргі педагогикалық оқу құралдарының көптігіне қарамастан, олар әрбір нақты отбасының мәселелерін шеше алмайды. Сондықтан ата-аналарға мамандардың консультациялық көмегі қажет.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету талдау, ақпараттық, әдістемелік-ұйымдастырушылық, консультациялық қызметті қамтиды.
Талдамалық қызмет:
мектепке дейінгі сапалы білім алу мәселелерінде ата-аналардың қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу;
тәрбиелеу және дамыту, күту мәселелеріндегі қиындықтарды анықтау;
әдістемелік көмек көрсетудің жайы мен нәтижелерін зерделеу және талдау, оны жетілдіру бағыттарын айқындау.
Ақпараттық қызмет:
педагогикалық ақпараттың деректер банкін қалыптастыру (нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік және т. б.);
ата-аналарды мектепке дейінгі білім беруді дамытудың жаңа бағыттары туралы, дамытушы бағдарламалардың мазмұны, оқу-әдістемелік жиынтықтар, бейнематериалдар, олардың сұраныстарына сәйкес әртүрлі бағыттағы мамандардың ұсыныстары туралы хабардар ету;
инклюзивтік тәрбие мәселелері бойынша бірыңғай білім беру кеңістігін құру.
Әдістемелік- ұйымдастырушылық қызмет:
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету сұраныстарын зерделеу;
балаларды дамытудың жеке бағдарламаларын әзірлеуге қатысу (ата-аналардың сұрауы бойынша);
анықталған қажеттіліктер негізінде ата-аналармен жеке жұмыстың перспективалық жоспарын құру;
ата-аналарды консультациялық пункттің жұмыс тәртібі туралы хабардар ету.
Консультациялық қызмет келесідей мәселелерді:
- балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктерін;
- ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктерін;
- ерте жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алуды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстарын түзету және дамытуды;
- балаларды әлеуметтендіруді;
- балаларды балабақшаға барған кезде бейімдеуді;
- дамыту бағдарламасын таңдауды;
- ойын әрекетін ұйымдастыруды;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды;
- балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасауды;
- балаға жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсете алатын білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдары туралы ақпарат беруді қамтиды.