КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ » ГККП "Ясли сад №141"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№141 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 397-89-38
Әдіскер телефоны:
+7(727) 397-89-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
04
ноябрь
2024

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ


КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Ата-аналардың мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қиындықтары көбінесе олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігінің жеткіліксіздігімен байланысты. Қазіргі педагогикалық оқу құралдарының көптігіне қарамастан, олар әрбір нақты отбасының мәселелерін шеше алмайды. Сондықтан ата-аналарға мамандардың консультациялық көмегі қажет.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету талдау, ақпараттық,  әдістемелік-ұйымдастырушылық, консультациялық қызметті қамтиды.
 Талдамалық  қызмет:
мектепке дейінгі сапалы білім алу мәселелерінде ата-аналардың қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу;
тәрбиелеу және дамыту, күту  мәселелеріндегі қиындықтарды анықтау;
әдістемелік көмек көрсетудің жайы мен нәтижелерін зерделеу және талдау, оны жетілдіру бағыттарын айқындау.
 Ақпараттық қызмет:
педагогикалық ақпараттың деректер банкін қалыптастыру (нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік және т. б.);
ата-аналарды мектепке дейінгі білім беруді дамытудың жаңа бағыттары туралы, дамытушы бағдарламалардың мазмұны, оқу-әдістемелік жиынтықтар, бейнематериалдар, олардың сұраныстарына сәйкес әртүрлі бағыттағы мамандардың ұсыныстары туралы хабардар ету;
инклюзивтік тәрбие мәселелері бойынша бірыңғай білім беру кеңістігін құру.
  Әдістемелік- ұйымдастырушылық қызмет:
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету сұраныстарын зерделеу;
балаларды дамытудың жеке бағдарламаларын әзірлеуге қатысу (ата-аналардың сұрауы бойынша);
анықталған қажеттіліктер негізінде ата-аналармен жеке жұмыстың перспективалық жоспарын құру;
ата-аналарды  консультациялық пункттің жұмыс тәртібі туралы хабардар ету.
 Консультациялық қызмет   келесідей  мәселелерді:
-  балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктерін;
-  ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктерін;
- ерте жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алуды;
-  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстарын түзету және дамытуды;
- балаларды әлеуметтендіруді;
- балаларды балабақшаға  барған кезде бейімдеуді;
- дамыту бағдарламасын таңдауды;
- ойын әрекетін  ұйымдастыруды;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды;
- балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасауды;
- балаға жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсете алатын білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдары туралы ақпарат беруді қамтид
ы.